11 нау, 2019 сағат 19:45

Қазақстандық азамат "джихадқа" шақырғаны үшін сотталды

Астана қаласының Полиция департаментімен 2019 жылғы 10 наурызда ұлттық алауыздықты қоздыру күдігімен Қазақстан Республикасының азаматы Серікжан Біләш ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Астана қалалық прокуратурасына сілтеме жасап.

Бұған негіз болған Біләш Серікжанның 2019 жылғы 8 ақпанда Алматы қаласында еске алу іс-шарасы кезінде ашық түрде айтылған этникалық қытайлықтарға қарсы «жиһадқа», яғни соғысқа шақыруы.

Бұл факт бойынша Астана қаласының Полиция департаментімен 2019 жылғы 21 қаңтарда  жергілікті тұрғынның арызы бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабаның 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу өндірісі басталды.

Біләш Серікжанның сөзінде ұлттық алауыздықты қоздыруға шақырудың болғаны политологиялық сараптаманың №499 2019 жылғы 5 наурыздағы  қортындысымен, әлеуметтік желіден алынған бейнежазбалармен, куәгерлердің жауаптарымен және басқа құжаттармен расталып отыр.

Көрсетілген күдіктіге қатысты барлық іс-әрекеттер ішкі істер органдарымен қылмыстық процестік заңнама аясында жүргізілген.

Бүгін, 2019 жылғы 11 наурызда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотымен Біләш Серікжанға қатысты 2 айға «үйқамақ» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Сотқа дейінгі өндіріс жалғастырылуда.