21 жел, 2021 сағат 19:27

Серікқали Брекешев Қазақстанда АЭС салу мәселесіне қатысты пікір білдірді


ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Қазақстан аумағында атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«АЭС бойынша жобалық-сметалық құжаттама түскен кезде қоршаған ортаға әсерін бағалау бағытындағы экологиялық сараптама жүргізіп барып өз пікірімізді ресми жариялаймыз. АЭС салу жобасы қолымызға тигеннен кейін ғана ресми ұстанымымызды білдіреміз», - деді министр брифинг барысында . 

Осы жиында Экология министрі Өскемендегі зауыт төбесінде пайда болған қызғылт түтінге қатысты түсініктеме берді.

«Бүгін сағат 12.00-де Экология департаментіне әлеуметтік желі арқылы «ТМК» АҚ аумағында ықтимал апат туралы мәлімет келіп түсті. Жағдайды анықтау үшін Экология департаменті сағат 12.15-те құрал-жабдықтармен сынама алу үшін санитарлық аймаққа барып, ауа құрамындағы зиянды заттардың бар-жоғын тексерді. Сынама қорытындысы бойынша хлордың мөлшері бекітілген норма шегінен асқаны асқаны белгілі болды. Келіп түскен арыз бойынша жоспардан тыс тексеру басталды. Оның қорытындысы қосымша хабарланады», - деді Серікқали Брекешев.