Фото: samruk-energy.kz
Серік Түтебаев "Самұрық-Энерго" АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып сайланды. Бұл туралы KASE Қазақстан қор биржасы сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Директорлар кеңесінің 2022 жылғы 23 маусымдағы шешімі бойынша, компанияның басқарма құрамына мынадай өзгерістер енгізілді:
- Сұңғат Есімханов басқарма төрағасынан шығарылды;
- Серік Түтебаев басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып сайланды.