Орта кәсіпкерліктегі белсенді кәсіпорындар санының қысқаруы үрдісі тіркеліп отыр. Бұл туралы Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Соңғы жылдары орта кәсіпкерліктегі белсенді кәсіпорындар санының қысқаруы үрдісі тіркеліп отыр. 2015 жылдан 2020 жыл аралығында қысқару үлесі 13 пайыздан асты. Атап айтқанда, орта кәсіпкерлік бағытының өнімділігі жоғары болып тұр. ШОБ-тың тек 0,2 пайызын құраса да, олар шағын және орта кәсіпкерліктің барша өнімінің бесінші бөлігін шығарып жатыр», - деді М. Әшімбаев Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты және құқықтық реттеуді жетілдіру тақырыбындағы Парламенттік тыңдауда.
Оның айтуынша, бизнесті мемлекеттік қолдау орта кәсіпкерлік санын арттыруға, шағын бизнестің «орта санатқа» көшуін дамытуға бағытталуы тиіс.