12 қаз, 2023 сағат 12:19

Сенат Жоғарғы соттың үш судьясын қызметінен босатты

Ибраев Өміртай, Сүлейменова Ұлболсын, Баймаханов Сембек. Фото:gov.kz

Сенат Жоғарғы соттың үш судьясын қызметінен босатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.

"Қарауыңызға Мемлекет басшысының Сембек Баймаханов, Өміртай Ибраев және Ұлболсын Сүлейменованың отставкаға кетуіне байланысты Жоғарғы Сот судьялары лауазымынан босату туралы ұсыныс енгізілді. Барлық судья зейнеткерлік жасқа жетті, 28-37 жас аралығында судьялық жұмыс тәжірибесі мол. Судьялар қауымдастығында лайықты беделге ие. Сізден қолдау сұраймыз", - деді Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Денис Шипп депутаттарға.

Сенаторлар судьяларды қызметінен босатуға дауыс берді.

"Әріптестеріміз өз міндеттерін үлкен жауапкершілікпен атқарды, алдағы қызметтеріне сәттілік тілейміз", - деді Сенат спикері Мәулен Әшімбаев.