© Sputnik / Владислав Воднев
Сенат Конституциялық сот туралы заңды қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Заң аясында Конституциялық кеңес Конституциялық сот болып құрылады. Ол еліміздің барлық аумағында Конституцияның үстемдігін қамтамасыз ететін орган болады. Ол үшін сотқа бірқатар құзірет беріледі. Олар:
- сайлау өткізудің дұрыстығы мәселелерін қарау;
- парламент қабылдаған заңдар мен халықаралық шарттарды олардың Конституцияға сәйкестігіне қарау;
- Конституция нормаларына ресми түсініктеме беру;
- азаматтардың өтініштері бойынша олардың құқықтары мен бостандығын тікелей қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің Конституцияға сәйкестігін қарау.
Конституциялық сотқа бас прокурор мен адам құқықтары жөніндегі уәкіл де жүгіне алады. Өтініштерді қарау тәртібі бес кезеңнен тұрады:
1. Конституциялық сот аппаратының жолданымдарды алдын ала қарауы
2. Конституциялық іс жүргізуге жолданымды қабылдау
3. Конституциялық соттың отырысында жолданымды қарау үшін материалдар дайындау
4. Жолданымды қарау бойынша отырыс өткізу
5. Түпкілікті шешім қабылдау.