15 жел, 2022 сағат 13:53

Семейдегі ЖЭО-да өрт болып, көмір беру жүйесі істен шықты

фото: inform.kz

Құтқарушылар мен әскери қызметшілер Семей қаласының 1-жылу электр орталығындағы қазандыққа көмірді қолмен салып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

«15 желтоқсанда сағат 00:34-те Абай облысының Семей қаласындағы 1-ЖЭО-да ұзындығы 6 метр алаңда транспортер лентасы мен электр кабельдері жанған болатын. Сағат 1.36-да өрт толығымен сөндірілді. Өрт салдарынан қатты отын – көмір беру жүйесінің жұмысы тоқтатылды.

Сағат 10-нан бастап Төтенше жағдайлар және қорғаныс министрліктері әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері үздіксіз режимде қазандық агрегаттарына қатты отынды қолмен салу жұмыстарын бастады», - делінген ведомство хабарламасында.