видеодан алынған кадр
Семейдегі жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап.
"20 маусымда 19 жастағы жүргізуші Audi 100 көлігін басқарып келе жатып, Шәкәрім даңғылының бағытындағы автокөлік көпірінен кейін рөлді басқара алмай, бағананың тірегіне соқтығысты.
Салдарынан жүргізуші ауруханада есін жимастан қайтыс болды.
ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", - делінген хабарламада.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.