23 жел, 2019 сағат 07:35

Семейде жыртқыш аң видеоға түсіп қалды

Семей көшелерінде емін-еркін жүрген сілеусін видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Altaynews.kz басылымы.

Орман жануарын "Компоселок" шағын ауданының тұрғыны байқапты. Ол өз үйінің ауласында жүрген аңды видеоға түсіріп алған екен.

Басылымның хабарлауынша, соңғы кездері жабайы аңдар Шығыс Қазақстанда қала көшелерінде жиі кездеседі.

Жақында Өскемен қаласында елік көлік астына түскен болатын. Волонтерлер оны ветеринарлық клиникаға жеткізген. Жануарға ота жасалған, қазір ол тұрақты ауыр халде жатыр.

Сілеусін – мысық тұқымдас жыртқыш аң. Оның денесінің ұзындығы – 130 сантиметрге дейін, ал салмағы 13 килограмға дейін жетеді.