12 мам, 2023 сағат 15:55

Семейде жол апатынан мотоцикл жүргізушісі қаза тапты


Семейде жол апатынан мотоцикл жүргізушісі қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жол апаты өткен түнде Мұхамедханов - Абай көшелерінің қиылысында болған.

"11 мамырда сағат 19:00 шамасында Қ.Мұхамедханов – Абай көшелерінің қиылысында Hyundai Sonata автокөлігі мен Honda мотоциклы соқтығысқан. Апат салдарынан 25 жастағы мотоцикл жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Мотоцикл жолаушысы ауруханаға жеткізілді", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соқтыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында анықталып жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етуге жатпайды.

видео: Tengrinews.kz