Фото: t.me/qr_tjm
Семейде орман өртімен күрес жалғасып жатыр. Үкімет отырысында Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев қазіргі жағдайды баяндады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.
Облыс әкімінің айтуынша, бүгінде өрттің жалпы ауданы 60 мың гектарға жуық, оның 43 мың гектар жері өте қатты жанып жатыр. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Өртті сөндіру үш бағытта жүргізіліп жатыр.
"Шығыста ауыр техника орман ағаштарын кесіп, өрттің таралуының алдын алып жатыр. Қалған екі аймаққа жету қиындығын ескере отырып, жаяу және тікұшақпен сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деді Абай облысының әкімі.