Семей қаласында қатты соққан жел екіқабатты әкімшілік ғимараттың шатырын ұшырып әкетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Семейде 30 наурыз күні күні жылдамдығы секундына 12 метрге жететін жел соғып, Чекоман ауылындағы 1986 жылы салынған әкімшілік ғимараттың шатырын ұшырып әкеткен.
«Аталған екіқабатты ғимаратта Қазпошта, кітапхана мен дәріхана орналасқан. Шатырдың жалпы аумағы 195 шаршы метрді құрайды. Абырой болғанда, зардап шеккен ешкім жоқ», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Қазіргі уақытта оқиға орнында жергілікті атқарушы органдардан құрылған комиссия жұмыс істеп жатыр.