Семейде 4 желтоқсаннан бері полицейлер мен еріктілер іздеген әйелдің мәйіті табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.
35 жастағы Адэль Хамзина 4 желтоқсанда үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Оның әпкесі сол күні полицияға хабарласып, 1987 жылы туған сіңлісін іздеуге көмектесуін өтінген.
Абай облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Адэль Хамзинаның денесі Семей шетіндегі Степной ауылының маңынан табылған.
"Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының барысында Степной ауылының маңынан 35 жастағы әйелдің мәйітін тапты. Бұл дерек бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ІІД-нің баспасөз қызметі.
Өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалған.