Фото ашық дереккөзден алынды
Семейде жүкті әйел перзентхананың лифтінде қамалып қалып, соның ішінде босанды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сайты abainewskz порталына сілтеме жасап.
Оқиға 3 қыркүйек таңғы сағат алтыда облыстық перинаталдық орталықта болған
Техникалық ақаудан 5 жүкті әйел лифтіде қамалып қалған. Осы сәтте олардың бірінің толғағы қысады. Ал жанында тұрған әйел батыл әрекетке барып, оны лифтінің ішінде босандырып алған.
Аяғы ауыр келіншекке көмектескен Эльмира Жетпісова сол мекеменің акушері болып шықты. Ол еңбек демалысында жүрген, сол күні жүкті қызының жанында болу үшін перзентханаға келіпті.
"Менің анам батырлық танытты. Бір сағатқа тоқтап қалған лифтінің ішінде босандырды. Біз, бес жүкті әйел, осы уақыт бойы ішінде болдық", - дейді оқиғаны көзімен көрген акушердің қызы.
Әйел ұл баланы дүниеге әкелген, есімін Матвей қойды.