Семейде жаңа жыл қарсаңында «Шырша» жедел алдын алу шарасы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінде табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты ММ мемлекеттік инспекторларымен бірлесіп орман қорын күзету бойынша рейд жүргізетінін хабарлады. Жедел алдын алу шарасы барысында ағаш пен ағаш материалдарын тасымалдайтын көліктер тексеріледі. Қаладағы қылқан жапырақты ағаштар сататын сауда нүктелерін анықталды.
«Сатушылардың айтуынша, барлық шыршалар мен қарағайлар Ресейден әкелінді. Базардағы бір қарағай мен шыршаның ең төменгі бағасы - 4000 теңге. Олар ұзақ уақытқа шыдамайды, жылы бөлмеде олардың инелері тез бұзыла бастайды. Рейд барысында тиісті құжаттары жоқ 38 қылқан жапырақты ағаш тәркіленді», - деп түсініктеме берді Семей қаласының ПБ баспасөз қызметінде.
Сонымен қатар, полиция кесілген қарағай үшін жаза бар екенін ескертті және бұл қылмыстық жауапкершілікке жататынын айтты.
«Зиянкестерге 120 АЕК-ке дейін айыппұл салынады (303000 теңге) немесе 30 тәулікке дейін қамауға алынады, егер жойылған және кесілген ағаштар орман қорының бөлігі болса, онда айыппұл 160 АЕК-ке дейін (404 000 теңге) болады немесе 160 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылады немесе 40 тәулікке дейін қамалады», - деп атап өтті ПБ баспасөз қызметінде.
Айта кетейік, «Шырша» жедел алдын алу шарасы аймақта 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады.