Фото: Polisia.kz
Семей тұрғынынан интимдік фотосы үшін бір миллион теңге бопсалаған, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Абай облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері облыс орталығының тұрғынын ұстады. Ол шілде айының ортасынан бастап танысының интимдік фотоларын таратамын деп, 1 млн теңге бопсалап келген.
Тергеу әрекеттері барысында 150 000 теңге тәркіленді" - делінген хабарламада.
Күдіктінің әрекеттері 4 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жазаны көздейтін ҚР ҚК 1-бөлігінің 194-бабы "Бопсалау" бойынша сараланады.