Көрнекі сурет: elements.envato.com
Семей тұрғыны алматылықтың 80 мың долларын алдап алған. Бұл туралы Алматы Полиция департаменті бастығының тергеу жұмысы жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахманов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, қаскүнем Алматыға Семейден келген. Ол ақша айырбас орнын жалға алып, валюта айырбастау туралы хабарландыру жариялаған.
"Бірінші болып Алматы тұрғыны құрығына түскен. Жексенбіде кездесетіні туралы келісіп, кейін қыз белгіленген орынға барлық соманы алып келген. 80 мың долларды оған берген. Ер адам айырбастаймын деген сылтаумен басқа бөлмеге кетіп, қосалқы есіктен қашып кеткен", - деді Әбдірахманов.