01 мау, 2022 сағат 19:15

Семей орманында 150 гектардан аса жер өртеніп жатыр

Видеодан алынған кадр

Семей орманындағы өрт сөндіріліп жатыр. Өрттің ауданы шамамен 160 гектар болады. Куәгерлер әлеуметтік желілерге Қарағайлы ауданындағы және қаладан шыққан түтін көрінетін видеоларды жариялап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметі өкілі өрт "Семей орманы" резерватында, Жаңасемей филиалында сөндірілгенін айтты.

"Өрт 2022 жылғы 1 маусымда сағат 14:27-де орман шаруашылығының Жаңасемей филиалында тіркелді. Өрт аумағы шамамен 160 гектар болады. Өрт сөндіруге жеке құрамнан 140 адам және 34 техника жұмылдырылды. Сондай-ақ, оқиға орнына ТЖМ № 68303 әскери бөлімінің күштері мен құралдары барды", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.

Мамандардың алдын ала болжамы бойынша, өрт найзағайдан кейін басталған. Семейде құрғақ, ыстық ауа райы салдарынан өрт қаупінің бесінші деңгейі жарияланған.