Фото: ашық дереккөз
Абай облысының прокуратурасы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» РММ-де салық заңнамасының бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды Ult.kz.
Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының тексерісі нәтижесінде резерват 2024 жыл бойынша Салық кодексінде көзделген мәліметтерді толық көлемде салық органдарына ұсынбаған.
Салық кодексіне сәйкес, мемлекеттік орман иелері әр тоқсан сайын төлем жасаушылар мен салық салу нысандары туралы деректерді салық органдарына жолдауға міндетті. Алайда міндетті ақпараттың берілмеуі салдарынан бюджетке 200 млн теңгеден астам салық түспей қалған.
Прокуратураның қадағалау актісінен кейін аталған салықтық берешек толық көлемде өтелді.
Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану бойынша бақылау жұмыстарын жалғастыратынын мәлімдеді.
