22 ақп, 2019 сағат 14:21

Семей әуежайына Мұхтар Әуезовтің есімін беруге болады - Даниал Ахметов

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің тұрғындар алдында есеп беруі кезінде жас ақын Мерей Қарт Семей әуежайына елге есімі белгілі тұлғалардың бірінің есімін беру жөнінде ұсыныс жасады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

ШҚО әкімінің айтуынша, Семейде Абайдың аты берілген нысандар жетерлік Абай музейі, Абай театры, Абай кітапханасы бар. Оның үстіне «Абай Арена» мәдени-спорттық кешені салынып жатыр.

«Ұсыныс өте орынды. Бұл ретте біз жерлесіміз, ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің есіміне назар аударуымыз керек сияқты» - деді Даниал Ахметов.