видео кадры
Щучинск әкімі Олжас Нұрмағамбетов өзін "қала тұрғындарын балағаттады" деп айыптаған тікелей эфирдің толық жазбасын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.
Не болған еді?
Алдыңғы аптада қала басшысы аудан әкімдігінің Instagram парақшасынан тікелей эфирге шыққан. Ол жарты жылда атқарылған жұмыстары туралы баяндаған.
Осы сөзден кейін БАҚ пен әлеуметтік желілерде "Нұрмағамбетов эфир бітті деп ойлап, "Сұрақтарын к**іне тығып қойсын" деп айтты" деген ақпарат тарады.
Желіде тараған үзіндіде мұндай сөз естілмейді. Дегенмен әкімге қатысты қызметтік тексеру басталған.
Олжас Нұрмағамбетовтің өзі қала тұрғындары туралы жаман сөз айтпағанын айтты.
Дөрекі сөздер айтылған, бірақ барлық тұрғынға айтылмаған
Бірнеше күннен кейін әкім дәлел ретінде Instagram желісіндегі парақшасында сенсациялық тікелей эфирдің толық жазбасын жариялады.
"Бұл видеода тұрғындарына қарата айтылған бірде-бір әдепсіз (боғауыз) сөз жоқ. "Парақшасын к**тіне тығып қойсын" деп айтқаным үшін кешірім сұраймын", - делінген жазбада.
Видеоға қарағанда, Щучье әкімі шынымен де қала тұрғындары туралы емес, нақты бір адам және оның өтінішіне қарата "Құрып кетсінші әрі. Неге біз оның сұрақтарына жауап беруіміз керек? Өз парақшасын к**тіне тығып қойсын" деп айтқан. Алайда кімге, не үшін айтқаны әзірше белгісіз.