02 сәу, 2022 сағат 00:00

Сбербанк борышкерлердің кейбір несиесін Halyk Bank-ке берді


«Сбербанк» АҚ еншілес банкі жеке тұлғалардың кредиттік қоржыны бойынша талап ету құқығын жартылай басқаға беру мәмілесі жасалғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Басқаша айтар болсақ, борышкерлердің кейбір несиелері Halyk Bank-ке берілді. Тиісті ескерту клиенттерге жеке-жеке жіберілді. Сатылған зайымдардың саны банктің бөлшек кредиттік қоржының шамамен төрттен бірін құрайды. Сбербанк қалған кредиттерге қызмет көрсетуін жалғастыра береді», - делінген аталған қаржы ұйымының ресми сайтында жарияланған ақпаратта. 

Банктің атап өтуінше, бұл процесс заемшілер үшін кредит шарттарына қатысты қандай да бір өзгерістерді талап етпейді. Қазақстан заңнамасына сәйкес, пайыздық мөлшерлеме, мерзімі, төлем мөлшері, сонымен қатар займды өтеуге қатысты дербес кесте өзгеріссіз қала береді. Ал заемдері Halyk Bank-ке берілген азаматтар несиелерін ендігі уақытта аталған банкке бекітілген кестеге сәйкес өтейтін болады.