Фото: el.kz
2023 жылғы 14 қаңтардағы сайлауға қатысатын Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарға «ULT MEDIA (Улт медиа)» Қоғамдық қорына қарасты https://ult.kz// сайтындағы интернет-алаңды ұсынудың жалпы шарттары:
https://ult.kz// сайтының (бұдан әрі – Сайт) иесі – «ULT MEDIA (Улт медиа)» Қоғамдық қоры «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 28.09.1995 жылғы Конституциялық заңына сәйкес, сайлау алдындағы үгіт материалдарын (бұдан әрі – үгіт материалдары) Сайтқа орналастыру үшін интернет-алаңды ұсыну төлемінің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы хабардар етеді.
Сайлау алдындағы үгіт Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау күнінің алдындағы күні жергілікті уақыт бойынша сағат нөлде аяқталады. Осылайша, үгіт материалдарын Сайтта орналастыру 2022 жылғы 24 желтоқсан сағат 18.00-ден 2023 жылғы 13 қаңтар сағат 00.00-ге дейін жүзеге асырылады.
Сайт интернет-алаңды жазбаша өтініш, сондай-ақ Сайт иесі мен Кандидат арасында не Кандидаттың уәкілетті өкілімен жасалатын шарт негізінде ұсынады. Үгіт материалдарының саны мен орналастыру кезеңі Кандидаттың не оның уәкілетті өкілінің жазбаша өтінішінде көрсетіледі, содан кейін олар шарттың талаптарымен бекітіледі.
Өтініш Кандидаттардың өтініштерін тіркеу журналында кезектілік тәртібімен әрбір жазбаша өтінішке реттік нөмірі мен келіп түскен күнін беру арқылы тіркеледі.
Жазбаша өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуге тиіс:
1) Кандидаттың тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
2) Кандидат өкілінің өкілеттігін растайтын құжат көшірмесі;
3) Өтініш беруші тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі;
4) Шарт жасасу үшін тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттар.
Кандидаттардың үгіт материалдарын Сайтта орналастыру кезектілігі жазбаша өтініштердің түсу тәртібімен немесе өтініштер бір мезгілде келіп түскен жағдайда жеребе бойынша белгіленеді. Жеребе өткізу тәртібі мен шарттарын Сайт айқындайды.
Үгіт материалдары Сайтқа орналастыру күніне дейін 1 (бір) күнтізбелік күннен кешіктірілмей HTML5, GIF, JPEG, PNG, Microsoft World форматында ұсынылады. Үгіт материалдары қаржыландыру көздері туралы ақпаратты қамтуы тиіс.
Үгіт материалдарын ұсынған Кандидаттар олардың мазмұнының Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарына, оның ішінде авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы талаптарға сәйкестігі үшін дербес жауапты болады.
Сайт иесі үгіт материалдарында конституциялық құрылымды күштеп өзгерту, республиканың тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыру, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа табыну, заңмен қарастырылмаған әскери құрылымдар құру идеялары болса, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына Кандидаттың ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпарат болған жағдайда оларды орналастырудан бас тартуға құқылы.
Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген интернет-алаңды беру шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарының талаптарына сәйкес түзетілуі мүмкін.
Ult.kz тәуелсіз интернет-басылымында мемлекеттік тілдегі үгіт материалдарын орналастыру
Материалдың түрі |
Мерзімі |
Шарты |
Бағасы |
Ақпарат немесе хабарландыру (3000 белгіге дейін) |
1 тәулік |
Сайттың басты бетінде орналастыру |
90 000 тг |
Мақала (3000 белгіге дейін) |
1 тәулік |
Сайттың басты бетінде орналастыру |
150 000 тг |
Сұхбат (3000 белгіге дейін, фотомен қоса) |
1 тәулік |
Сайттың басты бетінде орналастыру |
170 000 тг |
Баннер |
7 тәулік |
Сайттың басты бетінде орналастыру |
400 000 тг |
Сайт тарапынан материалдар дайындау ақысы
Материалдың түрі |
Мерзімі |
Шарты |
Ақысы |
Ақпарат немесе хабарландыру (3000 белгіге дейін) |
1 тәулік |
Сайттың басты бетінде орналастыру |
120 000 тг |
Мақала (3000 белгіге дейін) |
2 тәулік |
Сайттың басты бетінде орналастыру |
180 000 тг |
Сұхбат (3000 белгіге дейін) |
2 тәулік |
Сайттың басты бетінде орналастыру |
220 000 тг |
Жарияланған мәтіндік материалдар Desktop нұсқасында және мобильді нұсқада қолжетімді болады.
Сайтта үгіт материалдарын орналастыруға жасалған шарт бойынша төлем Сайттың иесі төлемақыға ұсынған есепшот негізінде есепшот ұсынылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Меншік иесі жазбаша өтініштерді 2022 жылғы 21 желтоқсаннан бастап 2023 жылғы 11 қаңтарды қоса алғанда, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, келесі мекенжай бойынша қабылдайды: Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 105, офис 101, 102, тел.: 8 (701) 707 40 10, 8 (702) 950 04 14.
Өтініштер күн сайын, жұмыс күндері сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін қабылданады.
Факсимильді және интернет байланысы арқылы жазбаша өтініштер қабылданбайды.
Барлық материал "Төленген материал......" белгісімен бірге жүреді.