19 қаң, 2017 сағат 10:23

Сәтжан Қасымжанұлы. "Ң-ды" танисыз ба? (сатира)

«Ң» жалпы жаман әріп емес (оны адам кейпінде қабылдасаңыз да болады). Бірақ, өзін кейде сыңар аяқпен қалғандай сезінгенде қазаққа деген өкпесі қара қазандай болып шыға келетіні бар. Алайда, онысы да көпке созылмайды. «Қазақтан басқа мені қай ұлт керек қылып жатыр?» деп сабасына түседі. Түскені құрсын, артынша «Сол қазақ сенің қадіріңді біліп жүр ме? Білсе, сен қай сөздің болсын, көшін бастап тұрар едің ғой» деген әзәзіл ой тағы да мазалайды. Қазақ демекші, осы қазақтың әйгілі сықақшысы Оспанханның өзін мысқылдап «Ңөң» деп өлең жазғанынан хабары бар. Анау-мынау емес, сонау Арктикадағы айсбергтің қазақшасы «Ңөң» деп атау туралы «Ң»-ның атынан жаңалық ашқан сол шығармасын оқығанда не жыларын, не күлерін білмей ит болғаны рас. 

Бірінші болып тұрмағанына ызаланып бірде әріптер арасына «наразылық нотасын» жолдап жібергені сол еді, жазаға тартылып, «бәленнің», «түгеннің» деп келетін жалғаулықтың артына өңгерліп кете барды. Содан бері алға шығудың жөні болмай, ақырында атарға оғы болмай, мысы құрып тынды. 

Шындығына келгенде алдыға тұруға талай ұмтылған. Бірақ, неге екені өзіне де беймәлім, бірінші болып тұру еш бұйырмай-ақ қойды. Өзі секілді құйрықтының тобынан «Қ» әрпімен қаны қас. Бүйірін ішіне бүктеп алып, қыстырылмайтын жері болсайшы. «Қазақ» деген ұлт атауы менен басталып, менен аяқталады» деп менменсігенде, қарсы айтар уәж таппай жігері құм болды. 

Бұл ше? Өзімен басталып, өзімен аяқталатын сөз тұрмақ, бірінші болып сөз бастап көрмеген ғой байғұс. «Жеті атасынан бері сіңірі шыққан қу кедей» деген құсап, ылғи екінші, үшінші немесе ең соңынан тұру «бақыты бұйырған» пақырда ондай мақтаныш етер мысалы қайдан болсын. Осы «Қ» секілділердің кесірінен ғой, «Қазақ-қалмақ қырғыны» болғаны... Қазір қырғын салмаса да құйысқанға қыстырылып жүретін осындайлармен қызылкеңірдек болудың де еш пайдасы жоқ екендігін жақсы біледі. Шындап келгенде өзінің «Қ»-ның қапталынан қатар табылып, сөз құрамайтындығының өзіне тәуба айтады. Араға міндетті түрде әлгі бас жақтан табылатын дауысты дыбыстардың бірі келіп, арашаға тұрады. Мәселен, «Қаңылтыр», «Қоңыр», «Қоңырсу», деген сияқты... Ал ол өзінен кейін тұрып сөз құраса айызы қанады. «Ң» үшін соның өзі үлкен жеңіс. Өйткені, «Қ» келіп өзінен кейін тұрғанда жөбі түзу сөз шықпайтынын талай көрген. «Жаңқа», «Қаңқа», «Маңқа», «Шұңқыр» деген ештеңе емес, бәрінен бұрын «Тоңқалаң асты», «Тоңқая кетті» деген сөздерге келгенде «Қ»-ны алып ұрғандай мәз болады. 

Ол да құбылмалы қудың өзі ғой, «қыңқ» етпестен шыдап: «Екеуіміз одан да жақсы сөз айтуға тырысайық» деп мысы құрыған кейіпте мыңқ етіп, мәмілеге шақырады да: «Таңқурай», «Сұңқар», «аңқау», «аңқылдақ», «саңқылдақ» деген атауларды алдына тосады. Бұл соған алданып отырғанда «Қ» қарап қалмай: «Менімен тіресе беріп қайтесің? Қасыңа «Б» келсе, «біттім» дей бер» деп алаңдатып кетеді. Өйтіп қара аспан төндіретіндей жөні бар. Ол келгенде мұның айтатыны: «Оңбаған», «Оңбайсың», «Сіңбір», «Дөңбек» болып келеді. Тепсініп тұрып «теңбіл доп» теуіп, шіреніп отырып «шеңбер сызып» көріп еді, онысынан ештеңе шықпады. Қапелімде зеңбіректі шақырғысы келген, оған төтеннен келетін жаудың төбесі көрініп тұрмағасын, ашық күнде жай түсіргендей етуге жүрегі дауаламады. 

Сонымен қойшы, әйтеуір, «Ң»-ның іштен тынып, ың-шыңсыз өмір сүруіне тура келген жайы бар. «Қуған жетпейді, бұйырған кетпейді» дегеннің керімен, әріптер арасында өзіне бұйырған жерден мүмкіндігінше екінші-үшінші болып көрінсе, соның өзін көңіліне тоқ санауға көшкен. Кейде маңайдан ешкім табылмай, кез келген дауысты дыбыстың қасына өзі ғана тұратын болса, онда тағы да мазасы кетеді. Ондайда Бас әріп «А»-ның қасына бармауға тырысады. Өйткені, «АҢ»-ға айналған қайбір жақсы… Одан да өзіне етене жақын «Е»-нің етегіне жармасып, «ЕҢ» деп еңсесін тік ұстап, «Ең жақсы дос», «Ең жақын адам», «Ең биік тау» сияқты күшейтпелі шырайды шыр айналдырып отырғанды жаны сүйеді. Ал өзге дауысты дыбыстардың «Ң» үшін ешқандай маңызы жоқ... 

Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ

ҢӨҢ 

Бір басымда санасаң, 
Өнер, Білім Тегіс бар. 
Болмайтұғын Бас әріп 
Қай жерімде кеміс бар?! 
– Бола алмайсың Бас әріп, 
Түспе текке азапқа. 
«Ң» әрпінен басталар 
Бір сөз жоқ қой қазақта. 
Деді осында біреулер, 
Дәлел айтып бұлжытпас. 
(Дәлелді сөз – әлді сөз, Әлді сөзге кір жұқпас). 
– Солай, – десті қалғаны, 
Оңай көніп, ойланбай. 
«Көне сал», – деп, біреулер 
Тамақ беріп қойғандай. 
– «Ң» әрпінен басталар, 
Сөз бар, – деді «Ң». Көнбеді. 
– Білмесеңдер айтайын, 
Оның аты – «Ңөң», – деді. 
Айсберг дегенді, 
Арғы қазақ «ңөң» деген. 
Көктемде көшетін 
Өзен мұзын «Сең» деген. 
Айтқан сөзім айғақты, 
Керегі не мазақтың?! 
Өмір бойы зерттедім, 
Ана тілін қазақтың. 
Зілдей ауыр зілдерді, 
«Ңөң» дейді екен бұрындар. 
Ал «сең» деген сөзінде 
«Жеңіл» деген ұғым бар. 
Өң, 
Дөң, 
Жең, 
Мең, 
Сең дейді. 
Тең, 
Таң, 
Тоң, 
Көң, 
Кең дейді. 
Ал енді Айсбергті 
Бас алсаң да, «нөң», – дейді! 
Ойда жоқта осылай, 
«Ң» ашты бір жаңалық. 
41 әріп бас шайқап, 
Тұрып қалды қамалып. 
«Ңөң» деген сөз қазақта 
Жоқ десең де еркіңде. 
Қарыз сұрап тұрғам жоқ, 
Бар десең де еркіңде. 
«Ңөң» деген сөз қазақта 
Жоқ десең де еркіңде. 
Бар десең де дәл содан 
Бұзылмайды көркің де! 

Оспанхан Әубәкіров 

Ұлт порталы

«Ң»-ДЫ ТАНИСЫЗ БА?

«Ң» жалпы жаман әріп емес. (Оны адам кейпінде қабылдасаңыз да болады). Бірақ, өзін кейде сыңар аяқпен қалғандай сезінгенде қазаққа деген өкпесі қара қазандай болып шыға келетіні бар. Алайда, онысы да көпке созылмайды. «Қазақтан басқа мені қай ұлт керек қылып жатыр?» деп сабасына түседі. Түскені құрсын, артынша «Сол қазақ сенің қадіріңді біліп жүр ме? Білсе, сен қай сөздің болсын, көшін бастап тұрар едің ғой» деген әзәзіл ой тағы да мазалайды. Қазақ демекші, осы қазақтың әйгілі сықақшысы Оспанханның өзін мысқылдап «Ңөң» деп өлең жазғанынан хабары бар. Анау-мынау емес, сонау Арктикадағы айсбергтің қазақшасы «Ңөң» деп атау туралы «Ң»-ның атынан жаңалық ашқан сол шығармасын оқығанда не жыларын, не күлерін білмей ит болғаны рас.

Бірінші болып тұрмағанына ызаланып бірде әріптер арасына «наразылық нотасын» жолдап жібергені сол еді, жазаға тартылып, «бәленнің», «түгеннің» деп келетін жалғаулықтың артына өңгерліп кете барды. Содан бері алға шығудың жөні болмай, ақырында атарға оғы болмай, мысы құрып тынды.

Шындығына келгенде алдыға тұруға талай ұмтылған. Бірақ, неге екені өзіне де беймәлім, бірінші болып тұру еш бұйырмай-ақ қойды. Өзі секілді құйрықтының тобынан «Қ» әрпімен қаны қас. Бүйірін ішіне бүктеп алып, қыстырылмайтын жері болсайшы. «Қазақ» деген ұлт атауы менен басталып, менен аяқталады» деп менменсігенде, қарсы айтар уәж таппай жігері құм болды.

Бұл ше? Өзімен басталып, өзімен аяқталатын сөз тұрмақ, бірінші болып сөз бастап көрмеген ғой байғұс. «Жеті атасынан бері сіңірі шыққан қу кедей» деген құсап, ылғи екінші, үшінші немесе ең соңынан тұру «бақыты бұйырған» пақырда ондай мақтаныш етер мысалы қайдан болсын. Осы «Қ» секілділердің кесірінен ғой, «Қазақ-қалмақ қырғыны» болғаны... Қазір қырғын салмаса да құйысқанға қыстырылып жүретін осындайлармен қызылкеңірдек болудың де еш пайдасы жоқ екендігін жақсы біледі. Шындап келгенде өзінің «Қ»-ның қапталынан қатар табылып, сөз құрамайтындығының өзіне тәуба айтады. Араға міндетті түрде әлгі бас жақтан табылатын дауысты дыбыстардың бірі келіп, арашаға тұрады. Мәселен, «Қаңылтыр», «Қоңыр», «Қоңырсу»,  деген сияқты... Ал ол өзінен кейін тұрып сөз құраса айызы қанады. «Ң» үшін соның өзі үлкен жеңіс. Өйткені, «Қ» келіп өзінен кейін тұрғанда жөбі түзу сөз шықпайтынын талай көрген. «Жаңқа», «Қаңқа», «Маңқа», «Шұңқыр» деген ештеңе емес, бәрінен бұрын «Тоңқалаң асты», «Тоңқая кетті» деген сөздерге келгенде «Қ»-ны алып ұрғандай мәз болады.

Ол да құбылмалы қудың өзі ғой, «қыңқ» етпестен шыдап: «Екеуіміз одан да жақсы сөз айтуға тырысайық» деп мысы құрыған кейіпте мыңқ етіп, мәмілеге шақырады да: «Таңқурай», «Сұңқар», «аңқау», «аңқылдақ», «саңқылдақ» деген атауларды алдына тосады. Бұл соған алданып отырғанда «Қ» қарап қалмай: «Менімен тіресе беріп қайтесің? Қасыңа «Б» келсе, «біттім» дей бер» деп алаңдатып кетеді. Өйтіп қара аспан төндіретіндей жөні бар. Ол келгенде мұның айтатыны: «Оңбаған», «Оңбайсың», «Сіңбір», «Дөңбек» болып келеді. Тепсініп тұрып «теңбіл доп» теуіп, шіреніп отырып «шеңбер сызып» көріп еді, онысынан ештеңе шықпады. Қапелімде зеңбіректі шақырғысы келген, оған төтеннен келетін жаудың төбесі көрініп тұрмағасын, ашық күнде жай түсіргендей етуге жүрегі дауаламады.

Сонымен қойшы, әйтеуір, «Ң»-ның іштен тынып, ың-шыңсыз өмір сүруіне тура келген жайы бар. «Қуған жетпейді, бұйырған кетпейді» дегеннің керімен, әріптер арасында өзіне бұйырған жерден мүмкіндігінше екінші-үшінші болып көрінсе, соның өзін көңіліне тоқ санауға көшкен. Кейде маңайдан ешкім табылмай, кез келген дауысты дыбыстың қасына өзі ғана тұратын болса, онда тағы да мазасы кетеді. Ондайда Бас әріп «А»-ның қасына бармауға тырысады. Өйткені, «АҢ»-ға айналған қайбір жақсы… Одан да өзіне етене жақын «Е»-нің етегіне жармасып, «ЕҢ» деп еңсесін тік ұстап, «Ең жақсы дос», «Ең жақын адам», «Ең биік тау» сияқты күшейтпелі шырайды шыр айналдырып отырғанды жаны сүйеді. Ал өзге дауысты дыбыстардың «Ң» үшін ешқандай маңызы жоқ...

Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ.   