26 қаз, 2022 сағат 10:20

Сәтбаевта көлік бағанға соғылып, өртеніп кетті


25 қазанда Жезқазған-Есіл-Петропавл тасжолында, Сәтбаев қаласынан Жезқазғанға шығаберісте Mercedes көлігінің 58 жастағы жүргізушісі қала атауы жазылған аркаға соғылып, өртеніп кетті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап.

"Сәтбаев қаласынан Жезқазған қаласына шығаберісте, 58 жастағы Меrcedes автокөлігінің жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, қала атауы жазылған аркаға соғылған. Жол-көлік оқиғасы кезінде көлік өртеніп, жүргізуші оқиға орнында қайтыс болды", - делінген хабарламада.

Ұлытау облыстық Полиция департаменті аталған дерек бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүріп жатқанын мәлімдеді.