09 жел, 2022 сағат 19:34

Сарыағашта 10 айда 559,3 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімі жиналды


Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы аумағында ауыл шаруашылығы саласы бойынша биыл 71,1 мың га егістік жер игеріліп, жалпы 559,3 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімі жиналды, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жыл басынан бері жаңадан 35,3 га жылыжайлар салынып, осы жылыжайлардан екі айналымда 98,7 мың тонна өнім жиналып, еліміз бен көрші шет мемлекеттерге саудаланды.

Ауданның еңбекқор шаруалары жылыжайларда өндірілетін өнім көлемін әртараптандыру мақсатында лимон, құлпынай, баялды (баклажан), кабачок, гүл өсіруді қолға алды.

Сонымен қатар «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» жобасы қолға алынғалы шаруалардың өнімі ұлғайып, бүгінгі күнге жалпы 92,0 мың тонна өнім жинап алынды.

Шаруалардың еңбегінің нәтижесінде жыл басынан бері 122,5 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 107,8% - ға жетті.

Аудан бойынша ауыл. шаруашылығы саласына 5,9 млрд. теңге инвестиция тартылды.

Биыл аудан аумағындағы мал мен құс саны 1067198 басты құрады. Ет – 13690,9 тонна, сүт – 51310,7 тонна және 97,6 млн. дана жұмыртқа өндіріліп, еліміздің азық- түлік қауіпсіздігіне үлес қосып отыр. Ауданда мал шаруашылығын дамыту бойынша бірқатар ауқымды жұмыстар атқарылып келеді.

Аудан шаруалары Астана, Алматы, Түркістан қалаларында өткен ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкесіне 17 рет қатысып, 257 тоннаға жуық өнім нарықтық бағадан 10-15 % төмен бағада саудаланды.

Жыл басынан қара күзге дейін еңбектенген шаруалардың еңбектері өз нәтижесін беріп, осындай көрсеткіштермен бағалануда.