21 шіл, 2022 сағат 20:28

«Сары» аймақтағы елордада қандай нысандарда маскамен жүру қажет?


Елорданың «сары» аймаққа өтуіне байланысты Нұр-Сұлтан қаласы бас санитар дәрігері Сархат Бейсенованың қаулысы шықты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Жеке тұлғаларға автовокзал, сауда-ойын-сауық орталығы, сауда үйі, жабық базар, концерт залы, театр, кинотеатр, халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚО), банк, стадион сияқты адамдар көп жиналатын орындарға, ұйымдасқан ұжымдарға барған кезде, сондай-ақ қала ішіндегі қоғамдық көлікте жол жүрген кезде бетперде кию ұсынылады. Бұл талап 5 жасқа дейінгі балаларға мен ересектерге тамақтану кезінде жүрмейді», - деп жазылған қаулыда. 

Бұған дейін де хабарлағанымыздай, елорда «сары» аймақта болған кезде қала аумағында 10-нан артық аданың қатысуымен өтетін жиындарды қашықтан өткізу ұсынылады. 

«Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, қалалық кәсіпкерлер палатасы, мемлекеттік органдар, құқық қорғау және арнайы органдар, кәсіпорындардың, ұйымдардың басшылары, кәсіпкерлік субъектілері автовокзал, сауда-ойын-сауық орталығы, сауда үйі, жабық базар, концерт залы, театр, кинотеатр, халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО), банк, стадион сияқты адамдар көп жиналатын орындарда бетперде режимінің сақталуын және қолды өңдеуге антисептиктерді қолданылуын қамтаамсыз етсін»-делінген қаланың бас санитарының қаулысында.

Қаулы 23 шілдеден бастап күшіне енеді.