Алматы облысы Сарқан аудандық соты Facebook парақшасында қызын өлтірген анасы мен ағасының ісіне қатысты жаңа деректерді жариялады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Сот ақпараты бойынша, 8 ақпанда әйел ағасымен бірге таксимен қызын алып келе жатып, жолда түсіп қалған.
"Сол кезде ағасына тумасынан аурушаң және есепте тұрған баласын қарай алмайтынын, көргісі келмейтінін айтып, оны өлтіру керек екені туралы ұсыныс жасаған. Келіспеген жағдайда өзіне-өзі қол жұмсайтынын жеткізген. Ағасы қарындасының сөзіне келісіп, баланы өлтіруге алдын ала сөз байласқан. Кішкентай қызды өлтіруге бағытталған ойын іске асыру үшін қала сыртында орналасқан, бұрынғы зауыт маңындағы қоқыс төгетін жердің еңісіне қарай түсіп, дәрменсіз баланы жерге жатқызып қылқындырып өлтірген. Баланың бақилық болғанына көз жеткізіп, мәйітті жасырып, төбешіктің үстінде сырттай бақылап тұрған қарындасын алып, оқиға орнынан бой тасалағандары анықталды", - дейді соттың баспасөз қызметіндегілер.