Алматы облысының Сарқан ауданында қоқыстан табылған баланың анасы ұсталды. Қазір ол күдікті ретінде тергеліп жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Полицейлер бала мен анасының жеке басын анықтады. Баланың анасы 19 жастағы жергілікті тұрғын болып шыққан. Оның айтуынша, қызы 2017 жылы дүниеге келген. Ол церебральді сал ауруына шалдыққан, сондай-ақ, балада туа біткен ақыл-ой кемістігі болған.
Биыл ақпанда бала ауырып, кенет көз жұмған. Сондықтан әйел туған ағасымен бірге қызды қала шетіне жасырын түрде жерлемек болған.
"Қажет сараптамалар тағайындалды. Тергеу ҚР ҚК 99-бабы ("Кісі өлтіру") бойынша жүргізіледі. Қылмыстық іс облыстық Полиция департаментінің ерекше бақылауына алынды. Күдіктілердің екеуі де аудандық полицияға жеткізілді", - деді Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.
1020 рет оқылды