24 сәу, 2023 сағат 21:23

Сарқанда 15 жастағы жасөспірім 4 жасар баланы қағып өлтірді


Жетісу облысы Сарқан қаласында мектеп оқушысы мінген көлік 4 жасар баланы қағып мерт қылды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға кеше, 23 сәуір күні кешке қаладағы көшелердің бірінде болған.

"4 жасар бала Honda Odissey автокөлігі дөңгелектерінің астына түсіп, аудандық ауруханаға жеткізілген соң қайтыс болды. Белгілі болғандай, шетелдік көлікті 15 жастағы оқушы басқарған. 

Сарқан ауданының полициясы аталған факті бойынша тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Қажетті сараптамаларды тағайындай отырып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігі бойынша жүргізілуде. Көлік арнайы тұраққа қойылды" - делінген хабарламада.

Полиция көлікті басқаруды кәмелетке толмағандарға беруге қатаң тыйым салынғанын еске салады.