"Сарапшылар жаңа жылдан кейін бензиннің де, дизельді отынның да бағасы өсе беретінін айтады", - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Астана арнасына сілтеме жасап.
Бір жылдың ішінде өтімді АИ-92 бензинінің бағасы айтарлықтай өскен. Ресми деректерге қарағанда, өндірушілердің бағасы 13,7 пайызға көтеріліп отыр. Қазір бұл отын 133 пен 140 теңге аралығында.
«Сұранысқа ие АИ-92 жанармайының 1 литрі 150 теңге болады деген болжам бар. Ал тапшылықты жою үшін мұнай өңдейтін қосымша зауыт салу мәселесіне келетін болсақ, оған үздіксіз шикізат жеткізіп тұру керек. Компанияларға баға жағынан зауытқа сату тиімсіз болса, оны қайдан аламыз? Сондықтан шикізатты өңдеуге жеткізу қаржылық тұрғыдан тиімді болмай, қосымша зауыт салу туралы сөз қозғау орынсыз», — дейді мұнай-газ саласының сарапшысы Камилла Манакова.