«Proportunity Management Company» инвестициялық финтех платформасының негізін қалаушы Арман Баев коммерциялық қызметтегі табыстың тетіктері туралы баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазір коронавирус індетінің таралуы кезеңінде адамдар отбасылық капитал жайында көбірек ойлана бастады. Яғни қаражатты салатын бағыттарды зерделеп жатыр. Осы орайда түрлі пирамидалардың пайда болғанына куә болдық және олар осы күнге дейін өздерінің қызметін таратуға тырысып келеді. Бұл ретте аталған пирамидаларға ақшасын салар кезінде ақпаратты неге тексермейді? Осы феномен шынымен де таңғалдырады. Еңбекпен тапқан ақшасын тексерусіз бере салады да, соңында жиған-терген қаражатынан айырлып жатады. Сондықтан краундфандинг компаниясы секілді бизнестің негізін қалай отырып, адамдарға табыс жасау мүмкіндігін беру мақсатын қойдық. Осы орайда жылжымайтын мүлікке қатысты жағдай жасап, әрбір адамның табыс алуын ойластырдық», - деді А. Баев қаржы тетіктерін жетілдіру тақырыбына арналған брифинигте.
Оның айтуынша, соңғы кезде краудқаржы секілді жақсы феномен дамып келеді.
«Осы тұрғыда адамдар қаражатты бірлесе салып, бірге инвестициялап, ортақ жоба бойыша жұмыс істейді. Баршамыз дәстүрлі банк тетіктерін білеміз, яғни банк депозиттері мен басқа да салымдар бар. Қазақстанда жылжымайтын мүлікке инвестициялау бойынша алғашқы краундфандинг тұғырнамасын құрдық. Бұл ретте адамдар 1 шаршы метрден басталатын алаңға инвестиция сала алады. Енді ауқымды коммерциялық нысандарға инвестиция салудың қажет жоқ. Бір шаршы метр аумақты сатып алып, заңды түрде оның иесі атанып, соны жалға беруден табыс жасауға болады», - деді ол.
«Сонымен бірге, «Астана» халықаралық қаржы орталығы мүмкіндігінің арқасында, сондай-ақ дұрыс құрылған менеджмент пен сауатты қадамдар нәтижесінде коммерциялық ғимараттардан табыстылық арта түсті. Осы орайда депизитке қарағанда тиімдірек», - деді А. Баев.