08 қар, 2019 сағат 15:17

Саран шахтасында кенші қаза тапты

Қарағанды облысындағы Саран шахтасында кенші қаза тапты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Оқиға 6 қарашада болды. Аталмыш кен орны «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-на қарасты. Компания басшылығы оқиға орын алған бетте дереу тиісті мемлекеттік органдар мен кәсіподақ ұйымын хабардар еткенін мәлімдеді.

«Кеншінің қаза тапқаны жайлы жақындарына шахта әкімшілігі мен кәсіподақ өкілдері естіртті. Кәсіпорын жұмысы тоқтатылды», - деп хабарлады «АрселорМиттал Теміртау» АҚ баспасөз қызметі.

Жазатайым оқиғаны тексеру мақсатында мемлекеттік комиссия құрылды.