Қарағанды облысындағы "Саранская" шахтасында тау-кен массасы опырылып, салдарынан 56 жастағы кенші қаза тапты. Бұл туралы "Қорғау" көміршілер кәсіподағы мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Саранская шахтасында жобалау жұмыстары кезінде тау жыныстары құлап, нәтижесінде Бертагин Талғат Аяпбергенұлы қаза тапты. "Қорғау" көміршілер кәсіподағы кеншілері қаза болған кеншінің туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып көңіл айтады", - делінген хабарламада.
Ақпарат "АрселорМиттал Теміртау" АҚ ресми сайтында расталды.
"24 наурызда "Саранская" шахтасында тау жынысы құлап, 1965 жылы туған кенші қаза тапты. Кәсіпорында комиссия жұмыс істеп жатыр. Апаттың мән-жайы анықталып жатыр", - деді компания өкілдері.