18 там, 2021 сағат 14:37

Сапасыз судың тарифі қалай есептеледі?


Тұтынып отырған су сапасыз, оған төлейтін сомаға сәйкес келмесе, тұрғындар өз құқығын қалай талап ете алады? Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының міндетін атқарушы Асхат Жапсарбайға осындай сұрақ қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Судың сапасы оның төлеміне сәйкес келе бермейді. Бірақ есептеу құралы сапасыздығына қарамастан, суды тұтынды деп көрсетеді әрі солай есептейді. Тұтынушылар сапасыз су үшін тарифті неге толық көлемде төлеуі керек? Қызмет көрсетуші компаниялар осы олқылық үшін тарифті төмендете ала ма?», - деп сұрады БАҚ өкілі. 

Асхат Жапсарбайдың берген жауабына сүйенсек, комуналдық қызметтің сапасы бағасына сәйес болмаса, оны құзырлы органдар растауы керек. Соның негізінде ғана тұтынушылар қызмет бағасын қайта белгілеуді италап ете алады.

«Қазақстан Республикасының үлгілік шарттары бойынша тұтынушылар сапалы қызмет пайдалануы тиіс. Егер тұтынушылар сапасыз қызмет қабылдаса және құзырлы органдар судың сапасыз екенін анықтаған болса, тұтынушылар ондай сапасыз берілген қызмет үшін төлемді қайта есептеуді талап етуге құқы бар», - деді комитет төрағасының міндетін атқарушы.