коллаж: Tengrinews.kz
Жамбыл облысының бұрынғы әкімі Бердібек Сапарбаев аймақ тұрғындарымен қоштасты. Шығарып салу кезінің видеосын облыс әкімінің баспасөз қызметі Instagram-да жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Сапарбаев өзін шығарып салуға келген адамдарға өзінің және отбасының атынан алғыс айтты. Кешірім де сұрады. Бір сәтте бұрынғы әкім көз жасына ерік берді.
"Мені қолдап, бүгін келгендеріңіз үшін көп рақмет. Мені шығарып саласыздар деп ойлаған жоқ едім. Шамам келгенше Әулиеата жері жақсарсын, халықтың жағдайы дұрыс болсан деп жұмыс істедім. Кішкене бір нәрселер болса кешірерсіздер. Бірақ ең негізгісі қолдағандарыңызға, уақыт бөліп келгендеріңізге мың да бір рақмет", - деді экс-әкім.