04 сәу, 2019 сағат 11:12

Сапарбаев елорда іргесіндегі Қоянды кентінде болды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Ақмола облысы Целиноград ауданы, Қоянды селолық округінің тұрғындарымен кездесті. Бұл туралы "Ұлт ақпарат" ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» әлеуметтік шараларын жүзеге асыру аясында жаңартылған атаулы әлеуметтік көмек алуға құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 1 сәуірінен басталған болатын. Өтініштер жұмыспен қамту орталықтарында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында, сондай-ақ ауылдық әкімдіктерде қабылданады.

Ауыл тұрғындары алдында сөз сөйлеген ведомство басшысы әлеуметтік көмектің жаңа форматын енгізудің арқасында Қазақстанда АӘК алушылар саны 830 мың адамнан асады деп атап өтті, оның ішінде Целиноград ауданында олардың саны 12,3 мыңнан 17,6 мың адамға дейін артады.

Министр көпбалалы ауылдықтар мен жастарға жаңа бизнес идеяларды іске асыру үшін 505 мың теңге көлемінде 10 мың мемлекеттік грант ұсынылатынын атап өтті. Мүгедектігі бар 5 мыңға жуық адам мен көпбалалы аналар үшін жеке ісін ашуға 6,5 млн теңгеге дейін жеңілдікті микрокредит беру жоспарлануда.

Ауданда ведомство басшысы Қытайдан келген көпбалалы оралман отбасының шаруашылығымен танысты.

«Еңбек» бағдарламасы бойынша 4 млн теңге несие алып шаруа қожалығын ұйымдастырған отбасы тек ірі қара мен жылқы өсіріп қана қоймай, сүт өнімдерін өндіріп, сатумен айналысада.

Сонымен қатар, елордада Б.Сапарбаев Сарыарқа ауданының халыққа қызмет көрсету орталығында АӘК-ке өтініштерді қабылдау барысымен танысты. Ол 1 сәуірден бастап әлеуметтік көмекті тағайындау үшін жеке куәлік пен тиісті өтініш беру жеткілікті екенін тағы бір мәрте құжаттарды қабылдайтын қызметкерлердің назарына салды.

«Байқоңыр» ауданы әкімдігіне барған кезде ведомство басшысы атаулы әлеуметтік көмекке өтініш беруге келген елорда тұрғындарымен кездесті, Министр аз қамтылған азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету шаралары бойынша түсініктеме берді және оларды қызықтыратын сұрақтарға жауап берді.

Елбасының тапсырмасына сәйкес, Қазақстанда ү.ж. 1 сәуірінен бастап АӘК көрсету мөлшері күнкөріс деңгейінің 50% - нан 70% - ға дейін көтеріліп, 20 789 теңгені құрады. Нәтижесінде жәрдемақы алушылар саны 571,6 мың адамнан 830 мың адамға дейін өседі. Бұл ретте, егер АӘК-тің орташа мөлшері отбасының әрбір мүшесіне бұрын 4 834 теңгені құраған болса, сәуір айынан бастап әр балаға 20 789 тг. төленеді.