Фото: ашық дереккөз
Қазақстанда маймыл шешегін жұқтырған бірде-бір жағдай тіркелмеген. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми сайтына сілтеме жасаған "Ұлт ақпарат" хабарлайды.
"Бүгінгі таңда Қазақстанда маймыл шешегіне күдікті бірде-бір жағдай тіркелген жоқ.
Осы инфекцияны ел аумағына әкелуге жол бермеу бойынша профилактикалық шаралар қабылданды.
Қазакстанның санитариялық-карантиндік пункттерінде аса қауіпті ауруларға күдікті науқасты мемлекеттік шекарада анықтау жөніндегі іс-шаралар жүргізіледі", - деді комитет өкілдері.
Биыл соңғы алты айында ай сайын тіркеліп отырған жағдайлардың саны 2022 жылы тамызда тіркелген 30 721 жағдайдың элемдік ең жоғары шегімен салыстырғанда айтарлықтай төмендеді.
Комитеттің ақпаратына сүйенсек, шешектің инкубациялық кезеңі 5-тен 21 күнге дейін болуы мүмкін. Аурудың қызба кезеңі әдетте 1-ден 3 күнге дейін созылады, белпілері: қызба, бөртпе, тамақтың ауруы, бас ауруы, бұлшықеттің жане арқаның ауыруы, лимфа түйіндерінің ісінуі.
Эпидемиялық елдерге баратын туристерге инфекция таралуының алдын алу үшін келесідей кеңестер ұсынылады:
- Ауырған адамдарға және инфекция жұқтырған жануарларға (вирустың тасымалдаушысы болуы мүмкін маймыл, егеуқұйрық, тиіндер және басқа жабайы жануарлар) жақындамау;
- Қорғаныш құралдарын пайдалану. Жануарлармен жұмыс істеу кезінде, әсіресе, зертханалық жағдайда немесе оларға күтім жасау кезінде корғаныш кимдерін, қолғаптар мен маскаларды колдану манызды.
- Тазалық сақтау. Қолды сабынмен үнемі жуу және дезинфекциялық құралдарды қолдану инфекцияның таралу қаупін азайтуға кемектеседі.
- Бөртпе, дене қызуының жоғарылауы, бас ауруы және шаршау сияқты белгілер пайда болған кезде медициналық көмекке, дәрігерге жүгіну маңызды.