24 там, 2021 сағат 12:10

Санаққа бөлінген ақшаның жартысынан көбі еңбекақыға жұмсалады – Нұрболат Айдапкелов


2018-2023 жылдарға арналған ұлттық халық санағын қаржыландырудың қажетті көлемі 9,1 млрд теңге. Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов Үкімет отырысында осы қаражаттың қалай жұмсалып жатқанын баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Халық санағын өткізу кезінде бүкіл ел бойынша 32 313 адам уақытша жұмысқа орналастырылады. Оның ішінде 6 мыңнан астамы маусым айында дайындық кезеңіне тартылған. Негізгі халық санағына 26 135 санақ персоналы жұмысқа тартылады. Өңірлерде интервьюерлерді жұмысқа арнайы құрылған комиссия тартады. Жұмысқа вакцинациядан өткен азаматтар алынады және олар жеке қорғаныш құарлдарымен жабдықталады», - деген бюро басшысы санақ жұмыстарына бөлінген қаражаттың қысқаша есебін берді. 

«2018-2023 жылдарға арналған ұлттық халық санағын қаржыландырудың қажетті көлемі 9,1 млрд теңгені құрады. Оның жартысынан көбі – 4,07 млрд теңгесі еңбекақыға бағытталады. Қазіргі уақытта 3,5 млрд теңге игерілді», - деді Нұрболат Айдапкелов.