«Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС бас директоры қызметіне Әбдімомынов Нұржан Құрманбекұлы тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Самұрық-Қазына» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Н. Әбдімомынов 2010-2018 жылдар аралығында ҚР СІМ шетелдік өкілдіктерінде еңбек етті: ҚР-ның Португалиядағы уақытша сенімді өкілі, ҚР-ның Гонконгтағы және Макаодағы бас консулы.
2006-2009 жылдар аралығында «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды. Н. Әбдімомынов Данди университетінің түлегі және қазақ, орыс, ағылшын, қытай және португал тілдерін меңгерген.