"Самұрық-Қазына" АҚ енді Ресей рублімен қаржы тарту мүмкіндігін қарастырмайды. Бұл туралы қордың экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры Нәзира Нұрбаева айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Қазіргі уақытта рубльмен қаржыландыру қарастырылмайды. Иә, бұрын несие алған компаниялар валюталық тәуекелдерді азайту үшін көбінесе рубльмен қайта қаржыландырылды. Бірақ қазір жағдай өзгерді. Рубльмен қаржыландыру құны өзгерді, ресейлік банктерге қарсы санкциялық тәуекелдер айтарлықтай өсті, сондықтан рубльмен қаржыландыру енді қарастырылмайды", – деді Нәзира Нұрбаева.
Оның айтуынша, бұрын рубльмен қаржыландыру қор компаниялары үшін тиімді болды.