19 қарашада "Самара-Шымкент" тасжолында жол апаты болып, бір әйел қаза тапты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz Telegram арнасына сілтеме жасап.
Kia Rio көлігінің 58 жастағы жүргізушісі көлікті басқара алмай, жолдын шетіне шығып, салдарынан көлік аударылған.
Жол апатынан 64 жастағы жолаушы оқиға орнында қаза тапты, ал жүргізуші жұбайымен ауруханаға жеткізілді.
Ақтөбе облысының Полиция департаменті ауа райының күрт нашарлауы - жолдардағы көктайғаққа байланысты ескерту жасады.
"Осыған байланысты елді мекендерден тыс жерлерге алыс сапарларға шықпау ұсынылады. Егер сапарға шықсаңыз, жол-көлік оқиғаларын болдырмау үшін жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажет", - дейді Ақтөбе облысы ПД ЖПКБ рота командирі Артур Абдрешов.