03 ақп, 2021 сағат 12:20

Салық есебінің 98 пайызы электронды түрде ұсынылуда

Цифрландыру шаралары жемқорлық фактілерінің төмендеуіне жағымды әсерін тигізіп жатыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында комитет басшысы Марат Сұлтанғазиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекеттік кірістер комитетінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактикалық іс-шаралар өткізу, жаңа инновациялық шаралар мен әдістерді қолдануға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге және оларды жоюға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға негізделген. Комитет басшысының айтуынша негізгі күш әкімшілендіруді цифрландыруға бағытталған. Ол шешім қабылдау процесінен адами факторды алып тастау арқылы сыбайлас жемқорлықты барынша азайтады. 

«Қазіргі уақытта салық есептілігінің 98,9%-ы электрондық түрде ұсынылады, яғни лауазымды тұлғалармен байланыс болмайды. Бүгінгі таңда 44 қызметтің 37-сі электрондық форматқа көшірілді, тиісінше салық төлеушілер оларды лауазымды тұлғалармен байланыспай-ақ алу мүмкіндігіне ие. Қабылданған шаралар сыбайлас жемқорлық деңгейіне айтарлықтай әсер етті және өткен жылдардың сәйкес кезеңдерімен салыстырғанда МКО-да сыбайлас жемқорлық фактілерінің төмендегені байқалады», - дейді ол. 

Сонымен бірге, лауазымды тұлғаларды құрықтаудың әрбір фактісі бойынша, олардың жасалуына ықпал еткен жағдайлар және одан басқа, ұсталған қызметкердің тікелей басшысының және өңірлік департаменттің басшысының тәртіптік жауапкершілігін анықтау бойынша тексеру шаралары, сот үкімін күтпей-ақ шұғыл қаралмақ. Кейінгі 2 жылдағы ұсталған қызметкерлердің статистикасына сүйене отырып, қызметкерлердің көбірек бөлігі кеден бекеттері мен бақылау-өткізу бекеттерінде қызмет ететін қызметкерлерге тиесілі.