27 қыр, 2024 сағат 11:08

Салтанат Нүкенованың отбасы Қуандық Бишімбаевтан 17 миллион теңге өндіріп алды


Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді Астана қаласының Азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотына Қуандық Бишімбаевтан материалдық шығын мен моральдық зиянды өтеу туралы шағым түсірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотына сілтеме жасап.

Айтбек Амангелді өзінің талап арызында қарындасының өлімінен кейін денсаулығына моральдық зиян келгенін, денсаулығы нашарлап, жұмысқа қабілетін жоғалтқаны туралы айтқан. 

Салтанаттың ата-анасы шығынның талапкердің пайдасына өндірілуінен бас таратты. 

"Парасат пен әділдік қағидаттарына сүйене отырып, жақын туысының қайтыс болуы талапкердің моральдық жағдайына кері әсерін тигізгенін, оның жеке мүліктік емес құқықтарын бұзғанын ескере отырып, сот талапты ішінара қанағаттандырды", – деп мәлімдеді Астанадағы Азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты.


Нәтижесінде Бишімбаевқа қылмыстық іс бойынша 6 877 672 теңге көлеміндегі шығын мен моральдық зиян келтіргені үшін 10 миллион теңгені өтеу туралы шешім шықты.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.