23 қар, 2017 сағат 16:11

Салафизм – біздің жол емес

Дамыған алпауыт елдердің қатарына енуді мақсат тұтқан еліміз ширек ғасырда биік белестерді бағындырып, тыныштық пен бейбітшіліктің тұрақты болуына баса назар аударуда. Қазақстан Республикасы сан ұлттарды бауырына басып, тілі мен дінін, тарихы мен танымын асыл аманатындай сақтап келді және келеді де. Бірақ баға жетпес бейбітшілігіміздің шырқын бұзған ланкестік топтардың әрекеттерінің орын ала басқандығы өкінішті-ақ.

Алғашқы ланкестік оқиға елімізде 2011 жылы Ақтөбе қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті ғимаратының қасында 25 жастағы жас жігіттің өзін өзі жарып жіберуі, осы оқиғадан кейін елімізде 8 террорлық оқиға орын алған. Сол кезде әлемде орын алған терактілердің елімізге жеткендігіне көзіміз жетті. Сарапшылар мен ғалымдарымыздың пайымдауынша бұл ланкестік оқиғалардың басында «салафизм» ағымы тұр. Бұл топтың негізгі көздеген мақсаты – мемлекетіміздің бейбітшілігін құрту, ұлттықжәне діни сенім бостандығын қамтамасыз ететін зайырлық құндылықтарды терістеу, сан ғасырлар бойы әртүрлі этностар мен конфессия өкілдерінің арасындағы тұрақтылықты, келісім мен толеранттылық көріністерінжою болып табылады.

Исламда «әс-Салаф әс-Сәлих» деп біздің заманымыздан бұрын,ізгі де, салиқалы ниетпен ғұмыр кешкен, шынайы амал қылған ықыласты бабалартуралы айтылады. Салафизм сөзінің араб тіліндегі түп-төркіні «салаф», яғни«бұрынғы өткен, алдыңғылар» деген сөзден шыққан. Ислам тарихындағы алғашқы үш буын —Мұхаммед пайғамбардың сахабалары, табиғиндер және олардыңізбасарлары. Бұл үш буынның ұстанған жолы ақиқат әрі ең дұрыс болып саналады.Олар дінің таза қалпында сақтап, ғылым, білім арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жетуінеден қойған тұлғалар еді.

Ал қазіргі өздерін «салафимыз» дейтіндер «өткендердің ізін жалғастырушы», «таза дінді ұстанушы», мазхабты мойындамайтын салт-дәстүрлерді теріске шығаратын және өзі білмейтін өзгенің идеологиясын жалау етіп жүрген діни бағыт. Бұл бағыттың елімізде тарауына қалай мүмкіндік бердік деген заңды сұрақ туындауы мүмкін. Бұл сұрақ астында бірнеше фактор бар:

Біріншіден, еліміз Тәуелсіздік алған жылдары басты назар экономикалық әлеуетке жұмсалды. Халық арасында дінге қызығушылық арттып, әр кім өз бетінше дін туралы мәліметтер мен уағыздарды түрлі діни ағым өкілдерінен алды.

Екіншіден, дін туралы алғашқы заңда діни бірлестіктердің қызметіне толық бостандық берілді, яғни 1992 жыл  «Діни наным-сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» заңы қабылданған. Бұл заң аясында елімізге көптеген халықаралық діни ұйымдар, соның ішінде жат пиғылды деструктивті діни ағымдарда шоғырланды.

Үшіншіден, діни мамандар дайындау мәселесіне байланыста ақсауымыз. Діни білім алам деуші жастарымыз бейберекет шетелдерге, соның ішінде Сауд-Арабиясы, БАӘ, Пәкістан секілді елдерге білім алуға жіберілді. «Қандай бағытты ұстанады?», «Қандай діни оқу орындарының ұстанымы біздің дәстүрлі діни сенімге сәйкес келеді?» деген мәселелерге көңіл бөлінбеді.

Төртіншіден,көші-қон жәнееңбек миграцясының орын алуы. Мемлекетіміздің саясаты мен біртұтастығына қауіп төндіріп отырған жат пиғылды діни ағым өкілдерінің көбеюі.

Бұл ағымнанкеліп жатқан ең басты қауіп ол — жастарды өз қатарларына қосуды мақсат тұтуы. Жастардың санасынан «ұлттық негіз», «отансүйгіштік», «салт-дәстүр» атты құндылықтардан айыру, мәңгүт етіп, бір-біріне айдап салу. Дін саласындағы қабылданған тұжырымға сүйенсек, жастардың деструктивті ағымдар идеологиясының жетегінде жүруінің бірнеше факторлары:әлеуметтік-экономикалық проблемаларының болуы, әлеуметтік әділетсіздік сезімі, өмірлік тәжірибелерінің жоқтығы, сыни қабылдау қабілетінің төмендігі болып танылады.

Олаздай исламның VIII ғасырдан бергі қазақ жеріндегі тарихын жоққа шығарды. Осы идеология негізінде жасырын неке қиып, артынан «талақ» айтып, тірі жетім болып қалған сәбилер мен жесір әйелдер бұрынғы күйеуінен көк тиын өндірте алмай жүргендер көп. Осы ма дін?! Ислам діні адамзатқа бейбітшілікті, тыныштықты және жұмсақтықты орнату үшін жіберілген. Мұхаммед Пайғамбар дінді жеткізуіне қатысты бір хадисінде: «Дінді ауырлатпаңдар – жеңілдетіңдер,қорқытпаңдар – сүйіншілеңдер», «ислам ол – көркем мінез»– деген сөздерін аяқ асты қылды. Сонда өздерін «шейх» деп санайтындар, өз бетінше үкім беріп,Пайғамбардың сөзін аяқ асты еткендері ме? Олар өздерінше дінді қару етіп арам істерін жақсы орындап келеді.

Ислам діні ұлттық ерекшеліктерді жоюға, әрбір тілдің табиғи заңдылықтарын мансұқ етуге мүлде шақырған емес, әрі шақырмайды да. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Біз мұсылманбыз, оның ішінде Әбу Ханифа мазһабын ұстанатын сүнниттерміз. Бабаларымыз ұстанған бұл жол ұлттық салт-дәстүрді, ата-ананы сыйлауға негізделген. Ендеше, бүгінгі ұрпақ та әлемдегі ең ізгі дін – ислам дінін қадірлей отырып, ата дәстүрін ардақтағаны абзал» - деп атап өтті.Жат идеологияға біз өзіміздің ұлттық құндылықтарымыз арқылы ғана төтеп бере аламыз. Ұлттық тәрбие оқшаулану емес, керісінше ұлттық тәрбие үлгілерімен әлемдік идеяларды қабылдап, ненің озық, ненің тозық екендігін тани білу, өрісі, дүниетанымы кең азаматтарды тәрбиелеуге мүмкіндік береді.

М. Құдайберген