15 мам, 2018 сағат 10:03

Сағынтаев былтырғы көмір тапшылығы жайында: Барлығы қолдан жасалған

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев орталық және жергілікті атқарушы органдарға алдағы уақытта көмір тапшылығын болдырмауды қатаң тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев орталық және жергілікті атқарушы органдарға алдағы уақытта көмір тапшылығын болдырмауды қатаң тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сонымен қатар Бақытжан Сағынтаев министрлер мен облыс әкімдеріне алдағы уақытта көмір тапшылығын болдырмауды қатаң тапсырды.

«Былтырғы жылы болған келеңсіз жағдайларды қайталамауымыз қажет. Оның барлығы қолдан жасалған. Біздің бақылауымыздың төмендігінен болған жағдай. Қазақстанда көмір өте мол көлемде өндіріледі. Тек өзімізге ғана емес сыртқа да шығарып жатырмыз. Ал былтырғы келеңсіз жағдай қайталанбауы қажет», - деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев. Осы ретте Үкімет басшысы өңір әкімдері мен ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаевқа көмір мәселесіне тұрақты мониторинг жүргізіп отыруды тапсырды.

«Қанат Алдабергенұлы, бұл мәселеге бас назар аударып, тұрақты мониторинг жүргізуді тапсырамын. Тимур Мұратұлы (ҚР Ұлттық экономика министрі) көмір бағасының негізсіз өсуі мен алыпсатарлық элементтерге жол бермеуді монополияға қарсы шаралар арқылы бақылауды тапсырамын. Бұл жұмысты Асқар Ұзақбайұлы (ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары) бақылауға алыңыз», - деді Үкімет басшысы.