03 қыр, 2019 сағат 16:10

Сағынтаев Алматының ерекше мәртебесі туралы заңды қайта қарағысы келеді

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев кәсіпкерлердің V жыл сайынғы конференциясында қаланың ерекше мәртебесі туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз кеше Мемлекет басшысының жолдауын тыңдадық. Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы заңға жаңа көзқарас қажет болды. Бір кездері заң қабылданды. Ол астананы көшіру кезінде декларативті болды. Мен ұсыныс жасадым, егер біз қаланы дамытқымыз келсе, онда бұл заңды өзгерту керек. Блоктарды мазмұнмен толтыру керек. Кеше мен Парламент Мәжілісінің спикерімен сөйлестім, жақын арада өзгертулерді ұсынамыз. Сондықтан мен бизнес-қауымдастығына жүгінемін: сіздер бизнес-диалог аясында атсалысуларыңыз керек. Заңға сәйкес ерекше мәртебемізді алу үшін бізге қандай жайттарды қосу қажет. Мемлекет басшысы тапсырма берді, біз осыны пайдаланып, тез арада іске кірісуіміз керек», - деді Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев

Іс-шараға «Атамекен» ҰКП президиумының төрағасы Тимур Құлыбаев, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев,  Бизнес-қауымдастығы мен ұлттық компаниялардың өкілдері қатысуда.