07 там, 2019 сағат 12:06

Сағынтаев Алматыдағы делдалдармен күрестің жолын ұсынды

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев алматылықтарға қандай азық-түлік керек екенін зерттеуді тапсырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Алматы облысы - мегаполиске басты азық-түлік жеткізуші. Қалаға қандай өнімдер қажет екенін зерттеуді тапсырдым. Сараптама негізінде облыстан өнімді тікелей жеткізудің тетіктері жасалады. Бұл делдалдарды жояды, базарларды өнімдермен толтырады және бағаға оң ықпалын тигізеді», - деп жазды Бақытжан Сағынтаев Twitter-дегі парақшасында.