15 шіл, 2019 сағат 16:05

Сағынтаев Алматыда электр энергиясын қалпына келтіруді бақылауына алды

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев құзырлы органдарға бүгін қалада электр энергиясының оқтын-оқтын үзілуінің себебін анықтауды тапсырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қала әкімі бұл туралы Тwitter-дегі парақшасында жазды.

«Алматыны электрмен жабдықтау қалпына келтірілді. «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ және АЛЭС АҚ («Самұрық-Энерго» АҚ еншілес компаниясы) оқыс жағдайдың себептерін анықтап, көпшілікті хабардар етуді тапсырдым. Бақылауыма алдым», - деді қала басшысы.

Айта кету керек, бүгін 14:14-де «Алматыэнергосбыт» АҚ-ның ЖЭС-2 стансасында ақау болды. Соның кесірінен қаланың көп бөлігі электр қуатынсыз қалды.