23 қаз, 2017 сағат 15:19

Сағадиев: Отандық университеттердің ғылыми әлеуетін көтеруге 6 млрд теңге бөлінді

Негізгі жоғарғы оқу орындары шетелдік университеттермен бірігіп, 48 жаңа білім беретін бағдарламаны дайындап, 49 пәнаралық лаборатория құрды. Олар заман талабына сай жабдықталды. Осы бағытқа Ұлттық қордан 6 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Baq.kz порталына сілтеме жасап.

Отырыста Ерлан Сағадиев Үкімет басшысына «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 9 айдың есебін берді.

Ведомство басшысының айтуынша, қазіргі таңда министрлік индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасына (ИИДМБ) кадрларды дайындау үшін қызу жұмысқа кірісіп кетіпті.

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының тағы бір бағыты ИИДМБ-ді жүзеге асыру үшін кадларды дайындау және ЖОО-лардағы лабораторияларды тиісті заманауи құралдармен жабдықтау болып саналады. Биыл 1900 магистрант профилді магистратураны бітірді. Үш жақты келісімшартқа сәйкес, олардың 96 пайызы кәсіпорындарда жұмыс істеп жүр. Негізгі жоғарғы оқу орындары шетелдік университеттермен бірігіп, 48 жаңа білім беретін бағдарламаны дайындады, 49 пәнаралық лаборатория құрылды. Олар заман талабына сай жабдықталды. Осы бағытта Ұлттық қордан 6 млрд теңге бөлінді», - деді Ерлан Сағадиев.